Бүгін Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласында World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өткен бокстан Азия чемпионатының әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектері аяқталды.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, екі алтын медаль жеңіп алды. 80 келі салмақ дәрежесінде Надежда Рябец Өзбекстан өкілі Рухшона Парпиеваны 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Ал +80 келіде Дина Исламбекова үндістандық Алфия Тараннум Хан Патханды дәл осындай есеппен (5:0) жеңіп, чемпион атанды.

70 келіде Бақыт Сейдіш финалда үндістандық Арундхати Чоудхариге есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды (1:4).