Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үшін алғашқы сенсация орын алды.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында басты фавориттердің бірі саналған Торехан Сабырхан Иордания өкілі Зияд Ешайшқа жол берді.

Жекпе-жек тартысты өткенімен, шешуші сәттерде қарсыласы басым түсті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті иорданиялық боксшыға беріп, Сабырхан күміс жүлдегер атанды.

Бұл жеңіліс Торехан Сабырхан үшін ересектер деңгейіндегі алғашқы жеңіліс.