12 шілде күні U23 санатында жартылай финалдық жекпе-жектер өтті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасының 12 өкілі құрлық біріншілігінің финалына жолдама алды.
Финалға шыққан қазақстандық боксшылар:
Әйелдер:
- Гүлназ Бөрібаева (48 кг дейін)
- Анита Әдишева (51 кг дейін)
- Ұлжан Сәрсенбек (57 кг дейін)
- Азиза Исина (70 кг дейін)
- Шұғыла Нәлібай (75 кг дейін)
Ерлер:
- Бексұлтан Боранбек (55 кг дейін)
- Нұрасыл Төлебек (60 кг дейін)
- Нұрбек Мұрсал (70 кг дейін)
- Аман Қонысбек (75 кг дейін)
- Өнер Сейілхан (80 кг дейін)
- Темірлан Мұқатаев (85 кг дейін)
- Ибрагим Бетаев (90 кг дейін)
Сонымен қатар, Құралай Егінбайқызы (80 кг дейін) жарыс ережесіне сәйкес тікелей финалға өтті.
Жартылай финалда жеңіліс тапқан Аяжан Ермек (60 кг дейін), Панар Сейітханқызы (80 кг жоғары) және Аслан Елдібайұлы (90 кг жоғары) Азия чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.
U23 жас санатындағы финалдық жекпе-жектер 15–16 шілде күндері өтеді.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!