Асыл Айтақын жарысты екінші айналымнан бастап, алғашқы белдесуінде әзербайжандық Нураддин Новрузовты 9:0 есебімен айқын жеңді. Жартылай финалда үндістандық Дипак Дипактан 2:1 есебімен басым түссе, финалда түркиялық Толга Өзбекті жеңіп, рейтингтік турнирдің алтын медалін иеленді.
Осы салмақ дәрежесінде сынға түскен Әділет Әлмұхаммедов қола жүлдегер атанды. Ол алғашқы белдесуінде отандасы Асылжан Есенгелдіні 10:6 есебімен жеңіп, кейін турнирді үздік үштіктің қатарында аяқтады.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!