Қазақстандық спортшы жарысты отандасы Дархан Есенғалимен кездесуден бастап, 4:4 есебімен соңғы нәтижелі әдістің арқасында жеңіске жетті. Одан кейін АҚШ өкілі Фрэнсис Уильямды 4:0 есебімен сенімді түрде ұтты.

Жартылай финалда Түркия балуаны Мұхаммед Бесирді 7:4 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

Ал шешуші белдесуде Қытай өкілі Фэнг Люмен тең дәрежеде белдескенімен, 3:3 есебінде соңғы нәтижелі әдіс қарсыласына тиесілі болғандықтан жеңіліс тапты. Осылайша, Нұрқожа Қайпанов рейтингтік турнирді күміс медальмен аяқтады.