Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жасұлан Әкімжан ACA 205 турнирінде ресейлік Ахмед Гакиевпен кездесті.

Үш раундқа созылған жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілердің басым дауыспен қабылдаған шешімімен (29-28, 29-28, 29-29) жеңіс Ахмед Гакиевке берілді.

Айқас барысында Жасұланның оң қолы жарақат алып, бұл оның кейінгі раундтардағы өнер көрсетуіне айтарлықтай әсер етті.

Осылайша, Ахмед Гакиев кәсіби мансабындағы қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Жасұлан Әкімжан қатарынан екінші рет жеңіліс тапты. Сонымен қатар, бұл жекпе-жек қазақстандық файтердің ACA ұйымындағы алғашқы айқасы болды.