ACA 205 турнирінде қазақстандық Артем Резниковпен әзербайжандық Заур Гаджиевпен октагонға шықты.
Үш раундқа созылған жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер тең нәтиже тіркеді. Екі төреші жеңісті қарсыластардың әрқайсысына жеке-жеке берсе (29-28, 29-28), үшінші төреші 29-29 есебін тіркеп, кездесу тең аяқталды.
Жекпе-жектен кейін Артем Резников лига басшылығына желтоқсан айында Заур Гаджиевпен реванш ұйымдастыру туралы өтініш білдірді. Сондай-ақ допинг-тесттен сәтті өткенін айтып, қарсыласының допинг қолданатынын жалпыға жар салды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!