Негізгі кард аясында Қаршыға жергілікті файтер Кехэй Хагиварамен (9-11) күш сынасты. Жартылай жеңіл салмақта өткен кездесу үш раундқа жоспарланғанымен, бірінші раундта-ақ аяқталды. Қазақстандық спортшы қарсыласын нокаутқа жіберіп, мерзімінен бұрын сенімді жеңіске жетті.

Жекпе-жектен кейін Қаршыға RIZIN ұйымының басшылығына үндеу жасап, кез келген қарсыласқа қарсы шығуға дайын екенін жеткізді.

«Маған кез келген қарсылас жарайды. Мүмкіндігінше тезірек октагонға қайта оралып, тағы бір жекпе-жек өткізгім келеді», – деді қазақстандық файтер.