Бақбергенова жарысты сенімді бастады: алғашқы белдесуінде ол Қырғызстан өкілін 10:0 есебімен жеңсе, екінші кездесуде Үндістан спортшысын 11:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Алтын медаль тағдыры шешілген шешуші белдесуде қазақстандық балуан Польша өкіліне 2:13 есебімен есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Бұл Жәмилә Бақбергенова үшін биылғы маусымдағы екінші жүлде. Бұған дейін ол Азия чемпионатында және Ұлан-Батырда өткен рейтингтік турнирде жүлдеге іліге алмаған еді. Дегенмен, жыл басында Албанияда өткен рейтингтік турнирде чемпион атанған болатын.