Жарыстың алғашқы айналымында Жадраев Қырғызстанның мықты балуаны Ақжол Махмудовпен кездесті. Алғашқы болып партерге түсу мүмкіндігін қырғызстандық спортшы иеленгенімен, қазақстандық балуан сәтті пайдаланып, қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
1/8 финалда Жадраев Түркия өкілі Бурхан Акбудакқа 6:7 есебімен жол берді. Кейін түркиялық балуан ширек финалда жеңіліп қалғандықтан, қазақстандық спортшы қола медаль үшін жұбаныш белдесулеріне қатысу мүмкіндігінен айырылды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!