Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан грек-рим күресі құрамасы 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ернұр Фидахметов финалға дейін жетті. Алайда ол Қырғызстан өкілі Жоламан Шаршенбековке қарсы шешуші белдесуге шыға алмай, күміс жүлдегер атанды.

55 келіге дейінгі салмақта Исхар Құрбаев қола медаль үшін өткен белдесуде үндістандық Лалитті жеңіп, үшінші орынға ие болды.

Еске салайық, бұған дейін Дінмұхаммед Қошқар 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде жеңіп алған еді.