Жекпе-жек ММА ережесі бойынша 66 келіге дейінгі жартылай жеңіл салмақта өтеді және үш раундқа жоспарланған. Әр раундтың ұзақтығы бес минутты құрайды.

Турнир 10 қыркүйек Кёсера Доум Осака аренасында, Осака қаласында өтеді. Кештің басталуы жергілікті уақыт бойынша 17:00-ге белгіленген.

Рен Хирамото өзінің жарқын стилімен, өткір мәлімдемелерімен және 2024 жылдың шілдесінде жапон ММА жұлдызы Микуру Асакураны жеңуімен танымал. Ал 2026 жылдың мамырында ол RIZIN 53 турнирінде арнайы ереже бойынша өткен жекпе-жекте Кодзи Танаканы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.

Еске сала кетейік, Қаршыға Дәуітбек 18 шілде RIZIN Landmark Vol. 15 турнирінде, Хиросима қаласында жапондық Кехэй Хагивараны бірінші раундта нокаутпен жеңді. Осы жеңістен кейін қазақстандық файтердің кәсіби рекорды 19 жеңіс және 3 жеңіліс.