Азия чемпиондары атанғандар: Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Азиза Исина (70 келіге дейін), Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін), Аман Қонысбек (75 келіге дейін), Темірлан Мұқатаев (85 келіге дейін) және Ибрагим Бетаев (90 келіге дейін).
Ерлер құрамасының жаттықтырушысы Мақсат Бақтыбазаров нәтижені жақсы деп бағалап, команда бұдан да көп алтын медальға үміт артқанын айтты. Ол әсіресе Нұрасыл Төлебек пен Асылхан Көшербайдың өнерін ерекше атап өтті.
Әйелдер құрамасының аға жаттықтырушысы Марат Қырыбаев та шәкірттерінің нәтижесіне оң бағасын берді. Ол Азия чемпионатына алғаш қатысып, бірден 70 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған Азиза Исинаны ерекше атады.
Енді қазақстандық боксшылар алдағы Қазақстан чемпионатына және халықаралық жарыстарға дайындықтарын жалғастырады.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!