Алдағы жарыс қазақстандық спортшылар үшін маусымдағы маңызды сындардың бірі болмақ. Будапешттегі Grand Slam турнирі Жапонияда өтетін Азия ойындары мен Бакудегі әлем чемпионатының алдындағы соңғы ірі халықаралық дода саналады.
Қазақстан құрамасының сапына 11 дзюдошы енді.
Ерлер:
60 келіге дейін: Нұрәділ Әлжан, Мағжан Шамшадин;
66 келіге дейін: Мейірбек Байзақов, Ақжігіт Насыр;
73 келіге дейін: Есет Қуанов, Ерсұлтан Дүйсенхан;
81 келіге дейін: Досхан Жолжақсынов;
90 келіге дейін: Ермахан Ануарбеков, Данил Крылов;
100 келіге дейін: Асқар Біржанов.
Әйелдер:
48 келіге дейін: Диана Бүркеева;
78 келіден жоғары: Әқерке Рамазанова.
Венгриядағы Grand Slam турнирі қазақстандық дзюдошыларға халықаралық деңгейдегі қарсыластармен күш сынасып, маусымның басты жарыстары алдындағы дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!