Отандық жауынгер 71 келіге дейінгі салмақтың (modern) жартылай финалында сынға түсті.

Қадырбек бұл кезеңде өзбекстандық Нодирбек Шавкатовты тізе бүктірді.

Айта кетейік, бұған дейін Еркінғали Бүркіталин (77 келіге дейін) дәстүрлі аралас жекпе-жектен финалға шыққан еді. Ал Санжар Әділов (65 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.