Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының балуаны Алматбек Аманбек финалға жолдама алды. 72 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз екі сәтті белдесу өткізіп,шешуші кезеңге дейін жетті. Енді 8 сәуір күні финалда ол Иран өкілі Мохаммед Джават Саадат Ризаиға қарсы күреседі. Айта кетейік, бұл қарсыластар бұған дейін де кездескен. Жақында Албанияда өткен Мохаммед Малло халықаралық турнирі аясында өткен белдесуде ирандық балуан 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын. Алдағы финалдық кездесу Аманбек үшін есе қайтаратын мүмкіндігі болмақ. 2024 Алматбек Аманбек дәл осы Бішкекте өткен Азия чемпионатына қатысып,бесінші орынға табан тіреген.
Алматбек Аманбек Азия чемпионатының финалына шықты
Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Азия чемпионатының алтынына таласады
Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!