Бішкекте өткен күрес түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық балуан Алматбек Аманбек алтын медаль жеңіп алды.
72 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалда ирандық Мохаммед Джават Саадат Ризаимен кездесті. Шешуші белдесу ұзаққа созылған жоқ - Аманбек қарсыласын бірінші кезеңде тушемен жеңіп, чемпион атанды.
Осылайша, қазақстандық спортшы бұған дейінгі жеңілісінің есесін қайтарды. Еске сала кетсек,екі палуан биыл Албанияда өткен халықаралық турнирде кездесіп, ол кезде парсы палуаны 3:2 есебімен басым түскен еді.
Алматбек Аманбек былтыр дәл осы Бішкек қаласында өткен Азия чемпионатында бесінші орын алған болатын. Биыл ол нәтижесін айтарлықтай жақсартып, құрлық чемпионы атағына қол жеткізді.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!