Бішкек қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында бүгін Қазақстан әйедер құрамасының тағы бес спортшысы жарысты бастайды.
53 келіге дейінгі салмақта Зейнеп Баянова ел намысын қорғайды. 57 келіде Нилуфар Раимова күреседі. 62 келіде Тыныс Дүбек бозкілемге шығады. 65 келіде Айжан Сүйдүкова бақ сынайды. Ал 72 келі салмақта тәжірибелі Жамиля Бакбергенова жүлдеге басты үміткерлердің бірі саналады.
Спортшылар жарысты іріктеу кезеңінен бастап, финалдық белдесулерге жолдама алуға тырысады.
Азия чемпионаты 6–12 сәуір аралығында өтеді.
Ақпарат Қазақстан күрес федерациясының ресми инстаграм акканутынан алынды
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!