«Мансабымды аяқтауға әлі ерте. Соңғы жекпе-жегімнің алдында көп адам осыдан кейін мансабыңды аяқтайсың деді, алайда мен бұл іспен әлі ұзақ уақыт айналысуды жоспарлап отырмын. Маған жаттығу жасау ұнайды, сондай-ақ өзге елдерге барып, қарсыластарымды жеңіп, табыс тауып, елге оралу да ерекше ләззат сыйлайды. Осының бәрі маған қуаныш сыйлауды қойған сәтте ғана кәсіби мансабымды аяқтаймын. Қазіргі таңда өзімді бақытты сезінемін», – деді «Борз» «Beyond The Win» бағдарламасына берген сұхбатында.

9 мамыр күні Ньюаркте өтетін UFC 328 турнирінде Хамзат Чимаев орта салмақтағы чемпиондық белбеуін алғаш рет Шон Стрикленд қарсы қорғайды. Сондай-ақ, қауесеттерге сәйкес, бұл жекпе-жектен кейін ол жартылай ауыр салмақ дәрежесіне көтеріліп, екінші титулға таласуы мүмкін. Аталған белбеу осы демалыс күндері Майамиде өтетін UFC 327 турнирінде Иржи Прохазка мен Карлос Улберг арасында сарапқа салынады.