Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан ерлер арасындағы бокстан Азия чемпионатында финалдық жекпе-жектер басталды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті. Финалда Оразбек Асылқұлов Үндістан өкілі Сачин Сачинмен қолғап түйістірді.

Алғашқы раундта төрешілер жеңісті 5:0 есебімен үнді боксшысына берді. Алайда кейінгі раундтарда Асылкулов қарқынын күшейтіп, жекпе-жек тізгінін өз қолына алып, екі раундта жеңіске жетті.

Айта кетейік, алда Қазақстан құрамасының қатысуымен тағы төрт финалдық жекпе-жек өтеді.