Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетуді жалғастыруда.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сабыржан Аққалықов чемпион атанды. Финалда ол Өзбекстан өкілі Жавохир Абдурахимовпен кездесті.

Қазақстандық боксшы жекпе-жекті толық бақылауда ұстап, қарсыласынан басым түсті. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті Аққалықовқа берді.

Осылайша, Сабыржан Аққалықов өз мансабында алғаш рет Азия чемпионы атанып,ел қоржынына екінші алтын медальды салды.