Ұлан-Батырда аяқталған бокстан Азия чемпионатында абсолютті салмақ дәрежесінің финалында Айбек Оралбай алтын медаль жеңіп алды.
Шешуші жекпе-жекте ол Қытай құрамасының өкілі, этникалық қазақ Данабек Байконыспен кездесті.
Үшінші раундта Айбек Оралбай қарсыласын нокдаунға түсірді. Нәтижесінде төрешілер жеңісті Қазақстан боксшысына берді.
Осылайша Айбек Оралбай өз мансабында үшінші рет Азия чемпионы атаннып отыр. Бұған дейін ол 2022 және 2024 жылдары да алтын медаль жеңіп алған болатын.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!