Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орын алды.

Қазақстандық боксшылар 6 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль жеңіп алып, құрлықтағы ең үздік құрамалардың бірі екенін тағы да дәлелдеді.

Екінші орынды Үндістан құрамасы иеленді. Олардың еншісінде 5 алтын, 3 күміс және 8 қола медаль бар. Үндістан боксшылары да жоғары деңгей көрсетіп, Қазақстанға басты бәсекелестердің бірі болды.

Үшінші орын Өзбекстан құрамасына бұйырды - 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль.