Азия чемпионаты 6 сәуір күні Бішкекте басталып, 12 сәуірге дейін жалғасады. Бүгін еркін күрестен бес салмақ дәрежесінде белдесулер өтті.
Алайда Қазақстан құрамасы үшін жарыстың алғашқы күні сәтсіз аяқталды. Біздің балуандардың ешқайсысы жартылай финалға өте алмай, алтын медаль үшін күресу мүмкіндігінен айырылды.
57 келіге дейінгі салмақта Мерей Базарбаев жапон балуанына жол берді. 65 келіге дейінгі салмақта Әділ Серікұлы да Жапония өкіліне есе жіберді.
70 келіге дейінгі салмақта Санжар Досжанов Иран спортшысына жеңілді. 79 келіге дейінгі салмақта Дәулет Ергеш жапон балуанынан ұтылды.
97 келіге дейінгі салмақта Бекзат Үркімбай жапон спортшысына мерзімінен бұрын жеңіліп қалды.
Осылайша, жарыстың алғашқы күні қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасынан бірде-бір балуан алтын медаль үшін күресе алмайды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!