Басты бет Бокс Күрес MMA ШЫҒЫС ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІ
ТЕГ:

#чемпионат Азии

10.04.2026, 12:53 • Күрес
Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын сәтсіз бастады

Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанн еркін күрес құрамасы бес спортшыны жарысқа шығарып,біреуі де жартылай финалға жете алмады.

10.04.2026, 07:29 • Бокс
Қазақстан Азия чемпионатында жалпы командалық есепте бірінші орын алды

Қазақстан құрамасы Ұлан-Батырда аяқталған бокстан Азия чемпионатында жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Боксшылар 6 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.

10.04.2026, 07:16 • Бокс
Айбек Оралбай - үш дүркін Азия чемпионы! Абсолют салмақтағы алтын

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай абсолютті салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды. Финалда ол Қытайлық қандасымыз Данабек Байконысты жеңіп, үш дүркін Азия чемпионы атанды.

10.04.2026, 07:02 • Бокс
Аққалықов - Азия чемпионы! 75 кг салмақта айқын жеңіс

Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Ұлан-Батырдағы Азия чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Финалда ол өзбекстандық Жавохир Абдурахимовты 5:0 есебімен жеңіп, алғаш рет Азия чемпионы атанды.

10.04.2026, 06:26 • Бокс
Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір алтын медаль жеңіп алды.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрбек Оралбай чемпион атанды. Финалда ол Өзбекстан өкілі Жасурбек Юлдошевпен қолғап түйістірді.

10.04.2026, 05:57 • Бокс
Азия чемпионатындағы алғашқы сенсация: Сабырхан финалда жеңіліс тапты

Ұлан-Батырдағы бокстан Азия чемпионатында алғашқы сенсация тіркелді. 70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан финалда иорданиялық Зияд Ешайшқа есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Бұл - оның ересектер деңгейіндегі алғашқы жеңілісі.

10.04.2026, 05:03 • Бокс
Асылкулов - Азия чемпионы! Қазақстандық боксшы 60 кг финалда жеңіске жетті

Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалында Оразбек Асылқұлов 60 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Алғашқы раундта жеңілгеніне қарамастан, ол кейінгі раундтарда басым түсіп, Азия чемпионы атанды. Алда Қазақстан боксшылары қатысатын тағы төрт финал бар.

10.04.2026, 03:05 • Күрес
Қазақстан әйелдер құрамасы финалсыз қалды: Азия чемпионаты сәтсіз өтті

6 сәуір басталған күрес түрлерінен Азия чемпионатында әйелдер күресі өз мәресіне жетіп қалды. Бүгін - жарыстың соңғы күні, алайда Қазақстан құрамасы үшін бұл турнир сәтсіз аяқталды деп қазірдің өзінде айта беруге болады.