#дзюдо
Халықаралық дзюдо федерациясы Эквадордың Гуаякиль қаласында өтетін кадеттер арасындағы әлем чемпионатына қатысушылардың тізімін жариялады.
JUDOWORLD7 хабарлауынша Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Роберт Мшвидобадзе 2026 жылы Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін анықтады.
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 28–30 тамыз күндері Швейцарияның Лозанна қаласында өтетін Grand Slam турниріне алдын ала қатысушылар тізімін жариялады. Қазақстан құрамасы бұл беделді жарысқа 15 спортшыны қосты.
Қазақстанның дзюдо құрамасы 2028 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңін бастап, қатар 2026 жылғы Азия ойындарына дайындықты жалғастыруда. Бұл туралы жаттықтырушы-кеңесші Роберт Мшвидобадзе мәлімдеді.
Иорданияның Амман қаласында өткен жастар арасындағы дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 12 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.
Амманда өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатының алғашқы күні қазақстандық спортшылар 3 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
Иорданияның Амман қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты мәресіне жетті. Екі күнге созылған құрлықтық додада Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, 2 алтын, 7 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды.
16-17 шілде күндері Иорданияның Амман қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді.
Қазақстан дзюдо құрамасы Тайбэй қаласында өткен Asian Open сериясындағы халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама спортшылары 8 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды.
26-28 маусым аралығында Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан Гран-при сериясының кезеңі өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер үшін жарыстың басты жаңалығы – Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің халықаралық аренаға қайта оралуы.