#таэквондо
Қазақстанның таеквондодан жастар құрамасы Оңтүстік Кореяның Чунчхон қаласында өткен халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 21 медаль жеңіп алды: 7 алтын, 6 күміс және 8 қола.
Оңтүстік Кореяның Чунчхон қаласында өткен KOREA OPEN G-1 халықаралық рейтингтік турнирінде Қазақстанның таеквондодан жасөспірімдер құрамасы командалық аралас (микст) сайыста қола жүлдеге ие болды.
Қазақстанның аралас құрамасы (микст) Командалық әлем кубогында үздік үштікке еніп, қола медаль жеңіп алды.
Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өтіп жатқан таеквондодан (WT) командалық әлем кубогында Қазақстан ерлер құрамасы жүлделі екінші орынға ие болды.
Қазақстан таеквондодан ұлттық құрамасының Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өтетін командалық Әлем кубогына қатысатын спортшылар құрамы анықталды.
Астанада өтіп жатқан халықаралық Kazakhstan Open тхэквондо турнирінің алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы 13 жүлдеге қол жеткізді.
22–27 маусым аралығында Астанада Дүниежүзілік таеквондо федерациясының (World Taekwondo) ресми күнтізбесіне енген екі халықаралық турнир ұйымдастырылады. Жарыстарға әлемнің 27 елінен мыңнан астам спортшы қатысады деп күтілуде.
Дүниежүзілік таеквондо федерациясының өкілдері Астанаға жұмыс сапарымен келіп, 2026 жылғы Grand Prix Final Astana турнирі мен 2027 жылғы таеквондодан ересектер арасындағы Әлем чемпионатына дайындық барысымен танысты.
22–23 маусым күндері Астана қаласында алғаш рет Altaic Taekwondo Championships халықаралық турнирі ұйымдастырылады. World Taekwondo ресми күнтізбесіне енген және G1 санатына ие болған жарыс Алтай кеңістігіндегі елдердің спортшыларын бір алаңға жинамақ.
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында таеквондодан Азия чемпионаты жалғасуда. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасының өкілі Самирхон Абабакиров жүлдегерлер қатарынан көрінді.