#UFC
UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы және жартылай орта салмақтың чемпионы Ислам Махачев алдағы UFC 330 турниріндегі Иен Гарриге қарсы жекпе-жек алдында өзіне деген сенімділігін білдірді. Ресейлік файтер қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, Андерсон Силваның тарихи рекордын жаңартуды мақсат етіп отырғанын айтты.
UFC-дің ең жеңіл салмақтағы титулына бұрынғы үміткері Брэндон Ройвал қазақстандық файтер Асу Алмабаевпен не себепті жекпе-жек өткізгісі келетінінің айтып берді.
Professional Fighters League (PFL) ұйымы ауқымды өзгерістер туралы ресми түрде хабарлады. Промоушен жеке лига ретінде қызметін тоқтатып, америкалық боксшы әрі блогер Джейк Пол негізін қалаған Most Valuable Promotions (MVP) компаниясымен бірігеді.
UFC чемпионы Ислам Махачевтің бас бапкері Хавьер Мендес алдағы Йен Гэрриге қарсы жекпе-жекті Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор арасындағы әйгілі текетіреспен салыстыруға қатысты пікір білдірді.
Қазақстандық аса жеңіл салмақтағы UFC жауынгері Бекзат Алмахан ұйымдағы болашағына қатысты пікір білдірді.
Белгілі журналист Игорь Лазориннің мәліметінше, Өзбекстан өкілдері UFC турнирін Ташкентте өткізу мәселесін жаңа деңгейге шығарды. Бұған дейін UFC президенті Дана Уайт пен Өзбекстан ҰОК басшылығы арасында ресми кездесу өткен болатын.
UFC Abu Dhabi турнирінің басты жекпе-жегінде Магомед Анкалаев бесінші раундта Богдан Гуськовты мерзімінен бұрын жеңіп, жеңісті жолына қайта оралды.
Өзбекстандық файтер Рамазан Теміров UFC Abu Dhabi турнирінде бұрынғы титул үміткері Стив Эрцегті бірінші раундта нокаутқа жіберіп, дивизион рейтингіндегі орнын нығайтты.
Ресейлік файтер Магомед Зайнуков UFC Abu Dhabi турнирінде Дамиан Жепецкиді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, жеңіліссіз рекордын сақтап қалды.
Бразилиялық ауыр салмақтағы файтер Вальтер Уокер UFC Abu Dhabi турнирінде Томас Петерсенді бірінші раундта аяқты ауырту әдісімен жеңіп, жеңісті сериясын бес жекпе-жекке жеткізді.