#күрес
Қазақстан құрамасы Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі (U17) әлем чемпионатындағы алғашқы медалін жеңіп алды.
Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі (U17) әлем чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының екі өкілі финалға жолдама алды. Дияр Аманәлі мен Әли Алмас енді әлем чемпионы атағы үшін күреседі.
Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен өткен халықаралық рейтингтік турнир мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күні грек-рим күресінен жүлделер сарапқа салынды.
Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Демеу Жадраев Будапештте өткен халықаралық турнирдегі өнерін аяқтап, 82 келі салмақ дәрежесінде жүлдегерлер қатарына ене алмады.
Бұл салмақта төрт спортшы сынға түскендіктен, жеңімпаз айналмалы жүйе бойынша анықталды — әр балуан барлық қарсыласымен белдесті.
Әйелдер күресінен 50 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Зейнеп Баянова Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан рейтингтік турнирде қола медаль жеңіп алды.
Қазақстандық грек-рим күресі балуаны Дінмұхамед Қошқар Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан рейтингтік турнирде қола медаль жеңіп алды.
Қазақстандық еркін күрес шебері Едіге Қасымбек Венгрияда өтіп жатқан рейтингтік турнирде 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.
Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен рейтингтік турнир басталды. Жарыстың алғашқы күні еркін күрестен алты салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды.
Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен рейтингтік турнирде еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрқожа Қайпанов күміс медаль жеңіп алды.