NAIZA лигасы тағы да Ақтауға оралады. 6 маусым күні «Халық Аренада» өтетін NAIZA 84 турнирінің қазірге белгілі жекпе-жектері жарияланды.

Кештің басты айқасында лиганың сөзсіз чемпионы Балғын Жеңісұлы (20-8) жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін Николай Самусевке (9-1) қарсы қорғайды.

Сонымен қатар, ко-мейн ивентте минималды салмақтағы чемпион Бекжан Абылқасым (6-0) өз титулын қорғайды. Оның қарсыласы кейінірек жарияланады.

Турнир аясында жартылай ауыр салмақтағы вакантты чемпиондық белбеу үшін Мирас Шантасов (4-1) пен Сайхан Джемухаев (4-1) октагонға шығады.

Сондай-ақ кеште:
- Тимур Серікұлы (6-3) мен Әли Чоршанбиев (5-1)
- Шахзаде Мирзаев (4-0) пен Сирожиддин Бекмуродов (8-2)
- Шакар Әділ (3-0-1) мен Сайран Сағындықов (4-0)
- Ғазиз Аманжолов (5-0) пен Шахзод Ахмедов (0-0)
- Қалдыбек Имамбай (2-0) мен Усман Сафолзода (0-2)
арасындағы жекпе-жектер жоспарланған.

Ауыр салмақтағы файтер Ғалымжан Жасланов (2-0) та бұл кеште өнер көрсетеді. Айта кетейік, бұл оның қоштасу жекпе-жегі болмақ.

Турнир 6 маусым күні сағат 16:00-де басталады.
Өтетін орны: Ақтау, «Халық Арена»
Билеттер «Кино.kz» сайтында сатылымда.