Басты бет Бокс Күрес MMA Шығыс жекпе-жектері
ТЕГ:

#NAIZA

19.09.2026, 18:41 • MMA
Мири Садыгов Жансерік Жақсығұлұлын 85 секундта нокаутқа түсіріп, NAIZA чемпионы атанды

Жансерік Жақсығұлұлы NAIZA 85 турнирінің басты жекпе-жегінде Мири Садыговтан бірінші раундта жеңіліп қалды. Садыговқа жеңіске жету үшін небәрі 85 секунд қажет болды.

19.09.2026, 18:34 • MMA
Бір соққымен реванштың нүктесін қойды: Еламан Саясатов — NAIZA-ның жаңа чемпионы

Еламан Саясатов Болат Заманбековпен өткен реваншта қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберіп, NAIZA лигасының 57 кг салмақтағы абсолютті чемпионы атанды. Олардың алғашқы кездесуі Саясатовтың дисквалификациясымен аяқталған еді.

19.09.2026, 18:28 • MMA
Жұман Жұмабеков пен Әнуарбек Мотиватор қарашада жекпе-жек өткізеді

NAIZA лигасы Жұман Жұмабеков пен Әнуарбек Мотиватор арасындағы жекпе-жекті ресми растады. Қос файтер қараша айында Қарағандыда өтетін NAIZA турнирінде кездеседі.

19.09.2026, 18:25 • MMA
Азат Мақсұм NAIZA-ға жеңіспен оралды

UFC-де өнер көрсеткен қазақстандық файтер Азат Мақсұм араға бір жылға жуық уақыт салып октагонға қайта оралып, NAIZA 85 турнирінде ирандық Али Юсефиді техникалық нокаутпен жеңді.

19.09.2026, 18:15 • MMA
NAIZA Camp Reality жеңімпазы Еркебұлан Сейсенбаев жеңісті жолын жалғастырды

NAIZA Camp Reality жеңімпазы Еркебұлан Сейсенбаев кезекті жеңісіне қол жеткізді. 70 келіде өнер көрсететін қазақстандық файтердің рекорды — 4-2.

19.09.2026, 18:05 • MMA
NAIZA-да жаңа буын бой көрсетіп келеді: NAIZA 85-те жарқыраған жас проспекттер

NAIZA 85 турнирінде қазақстандық жас файтерлер жарқын өнер көрсетіп, жанкүйерлер назарын аударды. Төрт проспект те қарсыластарын мерзімінен бұрын жеңді.

26.07.2026, 07:10 • MMA
NAIZA Қытайға жол тартты: Бейжіңде тарихи турнир өтеді

8 тамыз күні Қытай астанасы Бейжіңде тарихи NAIZA DIAMOND FIGHT NIGHT турнирі өтеді. Бұл – қазақстандық лига тарихында алғаш рет Қытайда ұйымдастырылатын турнир. Кештің басты үш айқасы чемпиондық жекпе-жек болмақ және де Қазақстан мен Қытай спортшылары арасындағы халықаралық жекпе-жек, одан қалды Фаниль Рафиковтың UFC ардагері Глейсон Тибауға қарсы кездесуі болады.

06.06.2026, 20:07 • MMA
Бекжан Әбілқасым NAIZA чемпиондық белбеуін сенімді түрде қорғады

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Бекжан Әбілқасым NAIZA лигасындағы алғашқы титул қорғауын сәтті өткізіп, қарсыласын екінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.

06.06.2026, 20:02 • MMA
Сайхан Джемухаев NAIZA лигасының жартылай ауыр салмақтағы жаңа чемпионы атанды

Yerengaipov Top Team өкілі Сайхан Джемухаев қысқа уақыт ішінде жекпе-жекке шығып, Мирас Шантасовты жеңіп, NAIZA чемпионы атанды.

06.06.2026, 19:46 • MMA
Салауат Қали Галымжан Жаслановты нокаутқа жіберіп, MBT белбеуін жеңіп алды

Қытайлық файтер Салауат Қали NAIZA 84 турнирінде Ғалымжан Жаслановты техникалық нокаутпен жеңіп, ауыр салмақтағы MBT титулын иеленді.

1 2 »