Үшінші орын үшін өткен тартысты кездесуде қазақстандық спортшылар Таиланд құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, жарыстың қола жүлдесін өз қоржынына салды.

Бұл нәтиже Қазақстан құрамасына жыл соңында Қытайда өтетін Командалық әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысуға  мүмкіндік берді.