34 жастағы Андраде бір жылға жуық уақыттан бері октагонға шықпаған. Ол UFC-дегі мансабында 30 жекпе-жек өткізіп, ең жеңіл салмақта чемпион атанған, сондай-ақ аса жеңіл дивизионның белбеуіне үміткер болған.

Бразилиялық файтердің айтуынша, ол бос отырмайды және қажет болған жағдайда курьер болып жұмыс істейді.

«Құдайға шүкір, біраз қаражат жинап үлгердім, сондықтан бәрі жақсы. Бірақ қажет болған кезде курьер болып жұмыс істеймін. Қосымша арқылы тамақ пен басқа да тапсырыстарды жеткіземін. Ауыр жұмыстан қорықпаймын, кез келген шаруаға дайынмын», — дейді Андраде.

Сонымен қатар спортшы жақында танысына үй ауласын абаттандыруға көмектескенін де айтты. Жасанды көгал төсеп, ауладағы тастарды тазалаған. Андраде мұндай жұмысты да қажет болған жағдайда табыс табудың бір көзі ретінде қарастырып отыр.

Айта кетейік, қаржылық қиындықтар Андрадені бұған дейін де мазалаған. Ол 2018 жылы UFC-ге қатысты естелік заттарын сатып, күнкөріс қамын жасағанын айтқан еді.

Джессика Андраде соңғы жекпе-жегін өткен жылдың тамыз айында өткізіп, Лупита Годинеске төрешілер шешімімен есе жіберген еді. Бұл оның қатарынан үшінші жеңілісі болды.