#UFC
UFC 331 турниріне қатысқан файтерлердің ресми гонорарлары жарияланды. Кештің ең үлкен табысын Александр Пантожа алды.
UFC-дің аса жеңіл салмақтағы чемпионы Джошуа Ван Александр Пантожаны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, чемпиондық белбеуін екінші рет сәтті қорғады.
Арман Царукян UFC 331 турнирінде Маурисио Руффиді бірінші раундта нокаутқа түсіріп, қатарынан алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Жекпе-жектен кейін Царукян чемпиондық белбеуге таласқысы келетінін мәлімдеді.
Қырғызстандық файтер Акбар Абдуллаев Дана Уайттың Үміткерлер сериясындағы дебютін сәтті өткізді. Қырғыз спортшысы бразилиялық Эднилсон Сантосды небәрі 19 секундта нокаутқа жіберіп, UFC келісімшартына ие болды.
Бұған дейін Strikeforce және Bellator ұйымдарын басқарған Скотт Кокер ММА әлеміне қайта оралатынын ресми түрде жариялады. Тәжірибелі промоутер жаңа ұйымын Ki MMA деп атады.
Жартылай орта салмақта UFC чемпионы Ислам Махачев жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың шеберлігін дивизионның өзге де үздік өкілдері — бразилиялық Карлос Пратес пен эквадорлық Майкл Моралеске қарсы салыстырды.
Қазақстандық грэпплер Бекзат Қапашов 12–13 қыркүйек күндері Польшаның Краков қаласында өтетін ADCC World Championship 2026 турнирінде -66 кг салмақ дәрежесінде бақ сынайды.
Bellator ұйымының бұрынғы титулға үміткері әрі UFC экс-файтері Майкл «Веном» Пейдж (26-3) әлемдегі ең ірі ММА промоушенінен кеткеннен кейін мансабын басқа ұйымда жалғастыруы мүмкін.
Қырғызстандық жеңілмеген файтер Ақбар Абдуллаев Dana White's Contender Series турнирінде жаңа қарсыласпен беттесетін болды.
UFC BJJ лигасында өнер көрсететін қазақстандық грэпплер Азамат Бақытов Шавкат Рахмонов жарақатынан айыққаннан кейін оның жаттығу лагеріне қосылып, күрес жағынан көмектесетінін айтты.