Майкл Пейдж UFC-дегі мансабын аяқтады. Дана Уайттың айтуынша, британиялықтың соңғы жекпе-жегі оның ұйыммен жасасқан келісімшарты бойынша соңғы кездесуі болған. UFC онымен жаңа келісімге қол қоюды жоспарламайды.
Пейдж сонымен қатар UFC рейтингінен де шығарылды. Оның орынына қазір рейтингке Шара Буллет енді(UFC Media Ranking).
Ұйымдағы соңғы жекпе-жегін ол Парижде өткізіп, Өзбекстан өкілі Нурсұлтон Рузибоевты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген.
Жалпы Майкл Пейдж UFC-де 6 жекпе-жек өткізіп, 5 жеңіске жетіп, 1 рет жеңілген. Оның ұйымдағы барлық кездесуі төрешілер шешімімен аяқталды.
UFC-ге дейін Пейдж мансабының басым бөлігін Bellator ұйымында өткізіп, ерекше жекпе-жек стилі және көптеген мерзімінен бұрын жеңістерімен танымал болған еді.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!