Еламан Саясатов пен Болат Заманбеков арасындағы чемпиондық текетірес нүктесіне жетті. NAIZA 85 турнирінде өткен реваншта Саясатов қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберіп, 57 кг салмақтағы чемпиондық белбеуді иеленді.

Бұл екі файтердің арасындағы екінші кездесу болды. Алғашқы жекпе-жек 2026 жылдың мамыр айында NAIZA 83 турнирінде өткен. Ол кезде Болат Заманбеков чемпиондық белбеуін қорғаған еді.

Екінші раундта Саясатов Заманбековке тыйым салынған тізе соққысын жасап, қарсыласы кездесуді жалғастыра алмады. Төрешілер Еламанды дисквалификациялап, нәтижесінде Заманбеков чемпиондық белбеуін сақтап қалған болатын.

Осыдан кейін NAIZA екі файтер арасындағы реваншты ресми түрде жариялады. Қайта кездесу 19 қыркүйекте Алматыда өтетін NAIZA турниріне белгіленді.

Бұл жолы жекпе-жек ұзаққа созылған жоқ. Саясатов бірінші раундта бір дәл соққымен Заманбековты нокаутқа түсіріп, өткен кездесудегі даулы нәтижеге реванш алды. Жеңістің арқасында Еламан Саясатов NAIZA лигасының 57 кг салмақтағы жаңа чемпионы атанды.

Осылайша, мамырда дисквалификациямен аяқталған текетірестен кейін Саясатов екінші кездесуде чемпиондық айқастың тағдырын нокаутпен шешті.