Арман Царукян UFC 331 турнирінде кезекті жарқын жеңісіне қол жеткізді. Жеңіл салмақтағы басты үміткерлердің бірі бразилиялық Маурисио Руффимен кездесіп, қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.
Жекпе-жектің басым бөлігінде Царукян қарсыласына клинч пен күрес арқылы қысым көрсетті. Бірінші раундтың аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Арманның шынтақпен жасаған дәл соққысы Руффиге ауыр тиді. Бразилиялық файтер құлағаннан кейін кездесу тоқтатылды.
Бұл жеңіс Царукян үшін ерекше маңызды болды. Руффи кездесуге дейін Рафаэль Физиев пен Майкл Чандлерді қатарынан нокаутпен жеңіп, UFC жеңіл салмағындағы тік тұрып айқасатын қауіпті файтерлердің бірі ретінде көтеріліп келе жатқан еді.
Ал Царукян UFC-дегі алдыңғы кездесуінде Дэн Хукерді екінші раундта arm-triangle choke әдісімен жеңген болатын. Руффиге қарсы жеңіс оның қатарынан алтыншы жеңісі болды.
Жекпе-жектен кейін Арман Царукян чемпиондық айқас өткізгісі келетінін ашық мәлімдеді. Осылайша, ол жеңіл салмақтағы титулға талас жолындағы позициясын тағы бір маңызды жеңіспен нығайтты.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!