Жартылай орта салмақтағы кездесу биыл 13 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC 335 турнирінің аясында жоспарланған.

26 жастағы Рональд Хамфри үшін бұл UFC-дегі алғашқы жекпе-жек болмақ. Америкалық осыған дейін бес кездесу өткізіп, барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Ол Дана Уайттың үміткерлер турниріне (Dana White’s Contender Series) қатысып, әлемдегі ең ірі ММА ұйымына жолдама алған.

Ал 36 жастағы Николай Веретенников соңғы жекпе-жегін 16 мамырда Лас-Вегастағы UFC Fight Night турнирінде өткізді. Ол кездесуде қазақстандық файтер америкалық Калин Уильямсқа бірінші раундта техникалық нокаутпен есе жіберді.

Енді Веретенников UFC-дегі кезекті жекпе-жегінде жеңіліс көрмеген әрі барлық қарсыласын мерзімінен бұрын тоқтатқан америкалық спортшыға қарсы сынға түседі.