31 мамыр күні Алматыда әлемдік деңгейдегі ММА кеші — BRAVE CF x ALASH PRIDE турнирі өтеді. Халықаралық BRAVE CF промоушені мен қазақстандық ALASH PRIDE ұйымының бірлескен турнирі Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ұйымдастырылады.
Кештің басты жекпе-жегінде ALASH PRIDE ұйымының жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуі сарапқа салынады. Бұл айқаста қазақстандық Асылжан Таскет (10-3) ресейлік Алексей Мешковпен (8-4) кездеседі.
Ал ко-мейн ивентте BRAVE CF ұйымының жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуі үшін Омар Соломонов (14-3) пен Николас Хвенде (10-2) октагонға шығады.
Сондай-ақ турнир аясында Рыскулбек Ибраймов (23-21-1) мен Диас Еренғайыпов (18-3) арасындағы аса қызықты жекпе-жек өтеді. Ауыр салмақта жеңілмеген файтерлер Расул Хатаев (4-0) пен Владимир Петренко (3-0) өзара мықтыны анықтайды.
Кардта қазақстандық Рауан Бекболат, Жәнібек Тыныштық, Мурад Абдрахманов, Рүстеп Құдайбергенов және басқа да танымал спортшылар өнер көрсетеді.
Турнирдің толық кард тізімі:
— Асылжан Таскет (10-3) vs. Алексей Мешков (8-4)
— Омар Соломонов (14-3) vs. Николас Хвенде (10-2)
— Ислам Хан (12-1) vs. Диас Еренғайыпов (18-3)
— Расул Хатаев (4-0) vs. Владимир Петренко (3-0)
— Рауан Бекболат (11-4-2) vs. Сардор Худайбердиев (9-4)
— Асылбек Рустамбек уулу (6-1) vs. Жәнібек Тыныштық (6-0)
— Абдурахман Умирзаков (5-3) vs. Асадбек Равшанов (1-0)
— Мурад Абдрахманов (12-3) vs. Манас Темирбеков (14-10-1)
— Курбан Идирисов (8-0) vs. Рүстем Құдайбергенов (9-7)
— Низамбек Абдрашитов (11-3) vs. Артур Арутунян (11-4)
— Ерхан Жумабаев (4-1-1) vs. Эдуардо Кастро (1-3)
— Талант Мусакеев (1-0) vs. Султан Тагиев (4-0)
— Арген Маратбек Уулу (17-13) vs. Георги Майсурадзе (5-1)
— Қадырбек Шынбаев (0-0) vs. Шариф Ахмедов (0-1-1)
Турнир Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Кештің басталуы — 18:00. Билеттер kino.kz сайтында сатылымда.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!