Қазақстандық MMA файтері Жалғас Жұмағұлов (19-9) Словакияның Братислава қаласында өткен Oktagon 89 турнирінде өнер көрсетті.
Жұмағұлов ұйымның ең жеңіл салмақтағы чемпионы, бразилиялық Игор Севериноға (10-1) қарсы айқасқа шықты. Бұл жекпе-жекте екі файтер де Oktagon лигасының қос салмақтағы чемпионы атану мүмкіндігіне ие болды.
Бес раундқа жоспарланған чемпиондық кездесу мерзімінен бұрын тоқтатылды. Екінші раунд барысында Северино Жалғасқа тыйым салынған соққы — шап аймағына соққы жасады. Осы эпизодтан кейін қазақстандық спортшы жекпе-жекті жалғастыра алмады.
Нәтижесінде төрешілер айқасты «өтпеді» деп таныды. Осылайша, файтерлердің ешқайсысы қос чемпион атана алған жоқ.
Қазіргі таңда Игор Северино Oktagon ұйымының жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін сақтап қалды, ал Жалғас Жұмағұлов ең жеңіл дивизиондағы чемпион мәртебесінде қалды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!