Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бағашар Қораласов (5-1) Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен Fight Nights 138 турнирінде жеңіске жетті.
Жартылай жеңіл салмақтағы Гран-при турнирінің ширек финалында қазақстандық спортшы ресейлік Махмуд Акимовпен (9-2-1) кездесті. Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек төрешілердің екіге бөлінген шешімімен Қораласовтың пайдасына аяқталды.
Осылайша, Бағашар Қораласов кәсіби ММА мансабындағы бесінші жеңісіне қол жеткізсе, Махмуд Акимов карьерасындағы екінші жеңілісіне ұшырады.
Айта кетейік, дәл осы Fight Nights 138 турнирінің басты жекпе-жегінде тағы бір қазақстандық файтер Гойти Дазаев (12-4-1) ресейлік Сергей Романовпен (26-6) октагонға шығады.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!