Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Гойти Дазаев (12-5-1) Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен Fight Nights 138 турнирінде өнер көрсетті.

Орта салмақтағы Гран-при турнирінің ширек финалында Дазаев ресейлік Сергей Романовпен (27-6) кездесті. Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек толық өтіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ресейлік спортшының жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Сергей Романов кәсіби ММА мансабындағы 27-ші жеңісіне қол жеткізіп, Fight Nights Гран-приінің жартылай финалына өтті. Ал Гойти Дазаев карьерасындағы бесінші жеңілісіне ұшырады.

Айта кетейік, бастапқыда Сергей Романов бразилиялық Андре Муниспен (24-8) жұдырықтасуы керек болған. Алайда бразилиялық файтер жекпе-жектен бас тартқаннан кейін, оның орнына Гойти Дазаев қысқа уақыт ішінде келісім берген еді.