Бұл туралы арменялық спортшы Full Send подкастының кезекті эпизодында Ислам Махачевпен жекпе-жегі әлі де өтуі мүмкін бе деген сұраққа жауап беру кезінде айтты.
«Мен Исламмен төбелесемін деп ойламаймын, себебі ол бір-екі жекпе-жектен кейін мансабын аяқтайды. Бір-екі айқас, сосын ол кетеді, ал мен бір жылдың ішінде бұл спортты толық жаулап аламын. Мені көргенде бәрі UFC туралы ойлайтын болады, өйткені мен UFC-дің бет-бейнесіне айналамын. Бірақ алдымен маған чемпиондық белбеу керек», – деді «Ахалкалакец».
Арман Царукян соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қараша айында өткізіп, Жаңа Зеландиялық Дэн Хукерді екінші раундта үшбұрыш әдісімен жеңген болатын. Осыдан кейін ол кәсіби күрес лигасы RAF-та нағыз жұлдызға айналып, үш жеңіске қол жеткізді және америкалық ардагер Юрайа Фэйберге қарсы төртінші рет боз кілемге шығуға дайындалуда.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, ресейлік спортшыға UFC-дегі келесі жекпе-жек тағайындалған, ол жақын уақытта ресми түрде жариялануы мүмкін.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!