Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық балуандар 4 алтын, 5 күміс және 3 қола медаль иеленіп, жалпы 12 жүлдемен командалық қоржынды толықтырды.

🥇 Алтын медаль иегерлері:

  • 57 кг — Ерасыл Мұхтарұлы
  • 61 кг — Нұрлыбек Базарбаев
  • 70 кг — Жанқожа Әбілтаев
  • 92 кг — Нұржан Исағалиев

🥈 Күміс жүлдегерлер:

  • 57 кг — Дәулет Әмірханов
  • 61 кг — Мұхамед Балғабай
  • 65 кг — Акбар Курбанов
  • 70 кг — Шерхан Әбіл
  • 79 кг — Тимур Оразбаев

🥉 Қола медаль иегерлері:

  • 70 кг — Жанболат Қабиден
  • 70 кг — Талап Жолдасов
  • 74 кг — Арсен Қабден

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы сапында екі спортшы бозкілемге шықты. Алайда отандастарымыз бұл жолы жүлдегерлер қатарынан көріне алмады.