Турнирде Қазақстан құрамасына екі алтын медальды Мәди Жеткерген (73 кг дейін) және Санжар Жаббаров(+100 кг) сыйлады. Олар өз салмақ дәрежелерінде қарсыластарынан басым түсіп, жарыс жеңімпазы атанды.
Күміс жүлдегер атанған қазақстандықтар қатарында Мейірбек Байзақов (66 кг дейін) және Айша Бибі Мұрадымова (52 кг дейін) бар.
Қола медаль иеленген спортшылар: Асылхан Зинуллин (60 кг дейін), Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг дейін), Мәди Еділбаев (+100 кг) және Аяна Дүйсенбай (48 кг дейін).
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы үшінші орынға жайғасты. Бірінші орынды жеті алтын, бес күміс және он қола медаль жеңіп алған Оңтүстік Корея құрамасы иеленді. Екінші орын Жапония командасына бұйырды (4 алтын, 1 күміс, 2 қола).
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!