15 шілде күні U19 жас санатындағы қыздар арасындағы финалдық жекпе-жектер өтіп, қазақстандық боксшылар үш алтын медаль жеңіп алды.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Камила Оспанова финалда Өзбекстан өкілі Мафтуна Янгиеваны жеңіп, Азия чемпионы атанды.
80 келіге дейінгі салмақта Айдана Убайдуллақызы шешуші кездесуде үндістандық Мегху Шеокандтан басым түсіп, алтын жүлдені иеленді.
80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Зарина Толыбай Үндістан спортшысы Прачи Токасты жеңіп, Қазақстан қоржынына үшінші алтын медальді салды.
Осылайша, U19 жас санатындағы Қазақстан құрамасының еншісінде қазіргі уақытта 3 алтын және 5 қола медаль бар.
Бұған дейін Азия чемпионатының қола жүлдегерлері атанғандар: Мадира Жұмақан (48 келіге дейін), Едіге Нұрғожа (55 келіге дейін), Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін), Айсұлу Мұхит (65 келіге дейін) және Жалғас Өтебеков (90 келіге дейін).
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!