Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы күрестен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімін бекітті.

Әлем чемпионаты 27 шілде мен 2 тамыз аралығында Әзербайжанның Баку қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы жарысқа еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресінен толық құраммен қатысады.

Еркін күрес:
Арын Жанат (45 келіге дейін), Бақдәулет Ағабек (48 келіге дейін), Сабыржан Рахатов (51 келіге дейін), Темірлан Мұрат (55 келіге дейін), Мардан Орынбасар (60 келіге дейін), Замир Данияр (65 келіге дейін), Әділет Рысбай (71 келіге дейін), Әділбек Ерболатов (80 келіге дейін), Нұрислам Айтуған (92 келіге дейін), Сағындық Темірғали (110 келіге дейін).

Грек-рим күресі:
Нұрислам Пахитжан (45 келіге дейін), Әли Алмас (48 келіге дейін), Қуанышбек Жанажол (51 келіге дейін), Дияр Аманәлі (55 келіге дейін), Нұралы Асқар (60 келіге дейін), Мирас Махамбет (65 келіге дейін), Әлинұр Төлеуғали (71 келіге дейін), Әлихан Күшев (80 келіге дейін), Әли Бекенғазы (92 келіге дейін), Арыстан Темірғали (110 келіге дейін).

Әйелдер күресі:
Айару Ілияс (40 келіге дейін), Данара Дайырбекова (43 келіге дейін), Інжу Баққожа (46 келіге дейін), Аянат Мейнамбай (49 келіге дейін), Арайлым Көпжасар (53 келіге дейін), Арина Қуанышова (57 келіге дейін), Аружан Бақытнұр (61 келіге дейін), Айша Әбдімәлік (65 келіге дейін), Хадиша Флюк (69 келіге дейін), Бағжан Құрманбай (73 келіге дейін).