Қазақстан құрамасы шешуші күні 2 алтын және 4 күміс медаль жеңіп алды.
Азия чемпионы атанғандар:
- Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін) – финалда жапониялық Кунимицу Хондзёны жеңді;
- Владислав Саможонов (+90 келі) – алтын медаль үшін өткен жекпе-жекте өзбекстандық Ислам Салиховтан басым түсті.
Күміс жүлдегерлер:
- Әділ Асқанбай (50 келіге дейін) – финалда өзбекстандық Уткизбек Нозкосимовқа жол берді;
- Ақжүрек Қалабай (65 келіге дейін) – Оңтүстік Корея өкілі Кан Дэхоға есе жіберді;
- Тимур Тайбеков (80 келіге дейін) – финалда өзбекстандық Аброрбек Шариповтан жеңілді;
- Руслан Ахметов (85 келіге дейін) – шешуші кездесуде өзбекстандық Сардорбек Бахромхужаевқа есе жіберді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы U19 жас санатындағы Азия чемпионатын 5 алтын, 4 күміс және 3 қоламедальмен аяқтады.
Бұған дейін құрлық чемпионы атанғандар қатарында Камила Оспанова (70 келіге дейін), Айдана Убайдуллақызы (80 келіге дейін) және Зарина Толыбай (+80 келі) бар. Ал Мадира Жұмақан (48 келіге дейін), Едіге Нұрғожа (55 келіге дейін) және Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!