Қазақстан құрамасы алғашқы жарыс күнін 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медальмен қорытындылады.
61 келіге дейінгі салмақта Асыл Айтақын чемпион атанды. Финалда ол Түркия өкілі Толга Өзбекті жеңіп, алтын медальға ие болды. Осы салмақта Әділет Әлмұхамедов қола жүлдеге қол жеткізді.
74 келіге дейінгі салмақта Нұрқожа Қайпанов финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде қытайлық Фэн Луға есе жіберіп, күміс жүлдені иеленді.
Қола жүлдегерлер қатарында Нұрданат Айтанов пен Мейрамбек Картбай (екеуі де – 57 келіге дейін), сондай-ақ Начын Куулар (65 келіге дейін) бар.
Турнирдің екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының еркін күрес балуандары 79, 92, 97 және 125 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде бозкілемге шығады. Сонымен қатар, жарысты Қазақстанның әйелдер құрамасының балуандары бастайды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!