75 келіге дейінгі салмақта Аман Қонысбек финалда Қырғызстан өкілі Алмаз Оразбековты жеңіп, чемпион атанды. 85 келіге дейінгі салмақта Темірлан Мұқатаев өзбекстандық Норбек Абдуллаевтан басым түссе, Ибрагим Бетаев финалда Өзбекстан спортшысы Самир Сабировты жеңіп, алтын медаль иеленді.

Күміс жүлдеге Бексұлтан Боранбек (55 келіге дейін), Нұрасыл Төлебек (60 келіге дейін), Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін) және Өнер Сейілхан (80 келіге дейін) қол жеткізді. Олар финалда тиісінше Үндістан, Жапония және Өзбекстан боксшыларына есе жіберді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы U23 Азия чемпионатын 6 алтын, 7 күміс және 3 қола медальмен қорытындылады.

Бұған дейін әйелдер арасында Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Азиза Исина (70 келіге дейін) және Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін) чемпион атанған болатын. Күміс жүлдені Анита Адишева (51 келіге дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін) және Құралай Егінбайқызы (80 келіге дейін) иеленсе, Аяжан Ермек (60 келіге дейін), Панар Сейітханқызы (80 келіден жоғары) және Аслан Елдібайұлы (90 келіден жоғары) қола медаль жеңіп алды.